Фин полициясы Турку қаласының шығыс ауданына рейд жасап, шабуыл жасады деген күдіктінің кім екенін "анықтағанын" хабарлады. Тамыздың 18-і кешке Финляндияның Турку қаласында белгісіз біреу көшеде пышақпен шабуыл жасап, екі адамды өлтіріп, сегіз кісіні жаралаған еді. Оқиға орнында полиция күдіктімен атысып, оны тұтқындаған болатын.
Рейд түнгі саған 22-лер шамасында жүргізілген. Полиция күдіктінің ақ түсті Fiat Ducato көлігін тапқан. Финляндияда шығатын Ilta-Sanomat газеті көлік иесінің Турку қаласының шеттегі Вариссо ауданында тұратынын, аты-жөні анықталғанын хабарлады.
Бүгін түнде әлгі күдіктіден басқа бірнеше адам да ұсталған. Фин полициясы олардың шабуылға қатысы бар-жоғын тексермек.
Финляндиядағы жергілікті басылымдар детектив Маркус Лейннің «Біз олардың осы оқиғаға қатысы бар-жоғын тексереміз. Бұл адамдардың арасында байланыс қандай болғанын зерттейміз» деген. Полиция әзірге "кім екені анықталған" күдіктінің аты-жөнін хабарлаған жоқ.
Жұма түс қайта Турку қаласының базар алаңында белгісіз адам пышақпен шабуыл жасады. Оны полиция оқиға орнында ұстады.
Полиция әзірге күдіктімен байланысы бар деген адамдарды ұстауды жалғастыратын-жалғастырмайтынын хабарламай отыр. Фин полициясы Хельсинки әуежайы мен вокзалдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін айтты. Елдің қауіпсіздік қызметі Twitter-де: "Полиция Туркудағы қылмысты жалғастыруы ықтимал күдіктілерді іздеп жатыр. Олар халықтан Туркудың орталығына бармауды сұрайды" деп хабарлады.
Турку қаласының шеткері Вариссо ауданы иммигранттар көп шоғырланған жер. Ол оқиға болған базар алаңынан 7 километр қашықтағы аудан.