Accessibility links

Өскемен соты «Новая Жизнь» шіркеуінің жұмысын тоқтатты


«Новая Жизнь» Інжіл сенімі христиан шіркеуінің» пасторы Виталий Затолокин.
«Новая Жизнь» Інжіл сенімі христиан шіркеуінің» пасторы Виталий Затолокин.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты тамыздың 18-і күні «Новая Жизнь» Інжіл сенімі христиан шіркеуінің» жұмысын үш айға тоқтатып, дін туралы заңды бұзғаны үшін шіркеуді 200 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Айыппұл әкімшілік кодекстің 490-бабының 1-бөлімін бұзғаны үшін салынған. Шіркеу заңгері Мадина Нам сот шешіміне қарсы арызданатындарын айтады. Оның сөзіне қарағанда, судья қаулысын кеңесу бөлмесіне бармастан бірден жариялаған.

Шіркеу ісінің сотқа жетуіне әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама себеп болған. Хаттаманы Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының жетекші маманы Елдар Мейірбаев толтырған. Онда "шілденің 28-і күні полицияға Постоева Ю. ханымнан "Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы "Зорька" демалыс базасында белгісіз адамдар діни әндер айтып, шырық бұзып жатыр" деген хабар түскені" жазылған. Шіркеу заңгері Мадина Нам:

— Ішкі істер органдары бір куәгердің сөзіне сүйеніп отыр. Мен кейіннен бұл куәгерді олардың бірнеше күннен кейін үйінен тапқанын білдім, ол демалыс базасынан кетіп қалған, бірақ олар оны тауып алған. Ән айтқан қызды да тапқан. Біз өте қынжылып отырмыз. Неге дегенде соттар ішкі істер органдарының жетегінде кетіп қалады. Ал ішкі істер жұмысы шала. Мәселен хаттамада бірде-бір видеожазба, 26-сы күнгісі де, 28-і күнгісі де жоқ. Ән айтылғаны туралы ешқандай дәлел жоқ, - дейді.

Шіркеу заңгері Мадина Намның сөзінше, шіркеуді «Зорька» демалыс базасында «діни ән» орындады деп айыптап отыр. Дін істер басқармасында ән айтуды діни рәсім деп түсінеді, бірақ заңда діни ғұрып немесе рәсімнің не екені екені айтылмаған. Мадина Намның сөзіне қарағанда, "шіркеуде басқа әндер айтылады, бірақ олар сыртта түгілі шіркеудің ішінде де діни рәсім болып саналмайды".

Осы аптада АҚШ үкіметінің әлемдегі діни еркіндік ахуалы жөнінде жыл сайынғы есебі жарияланды. Онда АҚШ үкіметі Қазақстан билігін дін еркіндігін іске асыру кезінде азаматтарды алалайды деп айыптаған. АҚШ Қазақстан билігінің дінді "дәстүрлі" және "дәстүрлі емес" деп бөлетінін, "дәстүрлі емес" дін өкілдеріне қысым көрсететінін, тіпті түрмеге қамайтынын жазған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG