Accessibility links

Ташкент пен Самарқанда Ислам Каримовке ескерткіш қойылды


Ислам Каримовтің ескерткішінің макеті.
Ислам Каримовтің ескерткішінің макеті.

Ташкент пен Самарқанда Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің ескерткіші орнатылды. Олардың орнатылғанын жақын күндері ресми түрде атап өтпек.

Азаттықтың Өзбек қызметі Kun.uz интернет басылымына сілтеме жасай отырып, Ташкенттегі ескерткіштің Ислам Каримовтің бұрынғы жұмыс резиденциясы - "Ақсарайдың" алдына қойылғанын хабарлады. Ислам Каримовтің ескерткішін жасау жөніндегі халықаралық байқаудан мүсінші Илхом Жаббаров жеңіп шыққан еді. Ол бұрын Ташкенттегі Әмір Темір ескерткішін жасаған.

Kun.uz ақпаратына қарағанда, Каримовтің Самарқандағы ескерткіші «Регистан» алаңына жақын «Йулбарслар хиёбони» («Жолбарыстар сквері») скверіне қойылған. Ол ескерткіштің биіктігі 5,8 метр, постамент биіктігі – 5,5 метр.

Ислам Каримовтің үшінші ескерткішін жақында Қашқадария облысының орталығы Қаршы қаласына қояды.

Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримовтің қайтыс болғаны 2016 жылы 2 қыркүйек күні хабарланды. Ол Өзбекстанды 1989 жылдан бері басқарған еді. Каримов елде авторитарлық режим орнатып, оппозиция мен тәуелсіз басылымдарды жойған болатын.

XS
SM
MD
LG