Accessibility links

Қазақстандық белсенді ғаламдық әйелдер акциясына қатысады


«НеМолчи» қозғалысы жетекшісі Дина Смайылова.
«НеМолчи» қозғалысы жетекшісі Дина Смайылова.

Бүгін АҚШ-та «Ғаламдық мақсаттардың әлемдік кубогы» шарасы өтеді. Бұл - бірнеше елден келген әйелдер құқықтары белсенділерін футбол алаңында біріктіретін шара. Символикалық матчтардың біріне қазақстандық белсенді, жыныстық зорлыққа қарсы «НеМолчи» қозғалысы жетекшісі Дина Смайылова қатысады.

Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» бөлімінің хабарлауынша, Дина Смайылова әлемдегі белсенділердің ішіндегі марапатталатын сегіз әйелдің бірі болып отыр.

«БҰҰ-әйелдер» бөлімінің хабарламасында «Бұл номинация Дина Смайлованың зорлауды тоқтату жолындағы табанды еңбегін мойындау болып саналады. «БҰҰ-әйелдер» ұйымының штаб-пәтері Дина Смайылованың қатысуымен бірнеше шара өткізуді жоспарлап отыр. Ол шаралар қозғалысты қолдау мақсатында, келіншектер мен қыздарды зорлауға қарсы күресті жандандыру мақсатында өтеді» деп жазылған.

«Ғаламдық мақсаттардың әлемдік кубогы» - ғаламдық коммерциялық емес қозғалыс. Оның негізін даниялық Eir-Soccer ұйымы БҰҰ-мен бірігіп қалаған.

XS
SM
MD
LG