Accessibility links

Роухани "ядролық келісімді қорғауға" ниетті


Иран парламенті жаңа үкімет мүшелерін бекітіп жатқан сәт. Тегеран, 20 тамыз 2017 жыл
Иран парламенті жаңа үкімет мүшелерін бекітіп жатқан сәт. Тегеран, 20 тамыз 2017 жыл

20 тамызда Иран парламенті екінші мерзімге қайыра сайланған президент Хасан Роухани ұсынған үкімет мүшелерінің біреуінен басқасын бекітті. Роухани еліне салынған халықаралық санкцияларды жеңілдету үшін 2015 жылы Батыстың жетекші елдерімен жасалған ядролық келісімді қорғау сыртқы саясатының маңызды бағыты екенін айтты.

Иран парламентінің депутаттары Роухани ұсынған 17 кандидаттың 16-сын министр етіп мақұлдады. Жаңа үкімет құрамында қалғандардың ішінде ядролық келісімді жасау кезінде шешуші маңызды рөл атқарған сыртқы істер министрі Джавад Зариф те бар. Мұнай министрі Бижан Зангане де қызметін сақтап қалды. Ал энергетика министрі лауазымына ұсынылған кандидатты депутаттар сынап, өткізбей тастады.

Мемлекеттік телеарнадан көрсетілген кандидаттарға дауыс берудің алдында Роухани депутаттар алдында сөз сөйлеп, АҚШ-қа шүйлікті.

"Сыртқы істер министріміздің ең маңызды міндеті - ядролық келісімді ұстану және АҚШ-тың, Иранның дұшпандарының ойлағандарын іске асыруларына жол бермеу" деді ол.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға бірнеше мәрте жаңа санкциялар салып, тамыздың басында Тегеранды "ядролық келісім шарттарына лайықсыз" деп айыптаған. Ал құжаттың өзін Трамп "сорақы келісім" деп сипаттаған еді. 15 тамызда АҚШ үкіметінің өкілі Вашингтонның Иранға қатысты саясатын қайта қарап жатқанын, ядролық келісімнен соң Тегеранның аймақты "тұрақсыздандыру бойынша әрекеттері" тоқтамағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG