Accessibility links

Бостонда жеккөрушілікке қарсы шеру өтті


Бостондағы жеккөрушілікке қарсылар мен "Сөз еркіндігін еш шектемеуді" талап етуші оңшылдардың шеруі. 19 тамыз 2017 жыл.
Бостондағы жеккөрушілікке қарсылар мен "Сөз еркіндігін еш шектемеуді" талап етуші оңшылдардың шеруі. 19 тамыз 2017 жыл.

19 тамызда Бостонда нәсілшілдікке қарсы мыңдаған адам шеруге шықты. Қаланың орталық паркінде консерваторлық көзқарасты оңшыл белсенділер де "Сөз еркіндігін талап ету" жиынын өткізді. Жергілікті телеарналар оңшыл шерушілерді полиция күзетіп жүргенін, ал оңшылдарға қарсы наразы демонстранттардың қапталдасып бара жатқанын көрсетті.

"Сөз еркіндігі" шеруін ұйымдастырғандар нәсілшілдік пен жеккөрушілікті насихаттаушыларды мінберге шығармайтындарын айтқан. Ал оңшылдарға қарсы демонстранттар 12 тамызда Шарлотсвиллде өткен нео-нацистер шеруіне қарсы шығу кезінде көлік қағып өлген Хизер Хейердің суретін көтеріп жүрді.

Бостон полициясы сенбі күнгі шеру кезінде 27 адамды тәртіп бұзғаны үшін ұстағанын мәлімдеді. Оңшылдар мен оған қарсылардың шерулері Техас, Калифорния мен Луизиана штаттарында да өтті. Жергілікті билік оңшылдардан гөрі нәсілшілдікке қарсы топтың қарасы қалыңырақ болғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG