Accessibility links

Донбаста сепаратистер "тұрғын үйлерді атқылады"


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Донецк облысындағы Зайцево ауылында бірнеше тұрғын үйді ресейшіл сепаратистердің атқылағаны хабарланды. 20 тамызда Украинаның Оқ атуды тоқтатуды бақылау мен үйлестіру орталығы 19 тамыз күні болған атыс кезінде бірнеше үйдің өртеніп кеткенін мәлімдеді. Қаза тапқандар мен жаралылар туралы мәлімет жоқ.

Киев таратқан ақпарат бойынша, соңғы бірнеше тәулік ішінде сепаратистер Донбастағы "тыныштық режимін" 30 шақты мәрте бұзып, бір украин сарбазы қаза тапқан. Ал өздерін "Донецк халық республикасы" және "Луганск халық республикасы" деп жариялап алған сепаратистер Украина әскерін өз тараптарын 40 мәрте атқылады деп айыптайды.

Украинаның шығысында үш жыл бұрын басталған қарулы қақтығыс кезінде үш мыңнан астам адам мерт болды. Киев пен Батыс елдері Ресейді сепаратистерді қолдап отыр деп кінәлайды. Украинаның әскери бас штабы сепаратистер сапында 40 мың адам соғысып жатқанын, олардың бес мыңы Ресейдің әскери қызметкері екенін айтады. Мәскеу бұл айыптауларды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG