Accessibility links

Додон "Румыниямен бірігу" идеясын сөкті


Молдова президенті Игорь Додонмен (ортада) суретке түсіп жатқан Гагаузия тұрғындары. 19 тамыз 2017 жыл
Молдова президенті Игорь Додонмен (ортада) суретке түсіп жатқан Гагаузия тұрғындары. 19 тамыз 2017 жыл

Молдова президенті Игорь Додон Гагауз автономиялық республикасына барған сапарында тұрғындарды "Молдованы Румынияға қосылуға шақырып, елді қиратқалы жүргендерге" қарсы шығуға үндеді.

19 тамыз кешкісін Комрат қаласында өткен аймақтың автономия жариялауына 26 жыл толу салтанатына қатысқан Додон мұндай шараларда сепаратизм туралы сөз қозғаған аз саясаткердің бірі.

Гагауз республикасы 1990 жылғы 19 тамызда құрылған. Бірақ Кишиневтегі үкімет рұқсат бермей, аймақтың автономия алуы төрт жылға кешеуілдеген. Бұл ресейшіл аймақта көбіне түркі текті гагауз халқы тұрады. Автономиялық республикадағы сайлаушылардың басым бөлігі былтыр қарашада өткен сайлауда ресейшіл Додонды жақтап дауыс берген.

"Бірлік сақтау арқылы ғана Молдова мемлекетін қиратқысы келетіндерге төтеп бере аламыз" деді президент Игорь Додон сенбі кешкісін. Салтанатты мерекелік шараға аймақтың жетекшілігі, Молдовадағы Ресей мен Түркияның елшілері қатысты.

Молдова мен Румынияның бірігуі туралы идея постсоветтік елдегі басым көпшілігі орысша сөйлейтін тұрғындарға жаға қоймайды. Әйтпесе екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қазіргі Молдова территориясының басым бөлігі Румынияға тиесілі болған. Сәуірде ұйымдастырылған әлеуметтік сауалнамаға сәйкес Молдова халқының 23 пайызы Румынияға қосылуда жақтаса, 58 пайызы бұл идеяға қарсы.

XS
SM
MD
LG