Accessibility links

Мәскеу соты Siemens турбиналарын арестке алудан бас тартты


Siemens концернінің газ турбиналары (Көрнекі сурет).
Siemens концернінің газ турбиналары (Көрнекі сурет).

Мәскеудің арбитраждық соты 2017 жылы көктемде Ресей аннексиялап алған Қырымға Еуропа Одағының санкцияларына қарамастан амалын тауып жеткізілген германиялық Siemens технологиялық концернінің газ турбиналарына арест қоюдан бас тартты. Сот осылайша Siemens-тің ресейлік компанияларға қарсы шағымын орындаудан бас тартты. Шағымды нақты қарау 18 қыркүйекке белгіленген.

Шілденің басында Siemens 2016 жылы Краснодар аймағының Siemens компаниясынан алған газ құбырлары кейін заңсыз түрде Қырымға жеткізілгені анықталғанын мәлімдеген. Концерн бұл Ресеймен келісім шартты және ЕО ережесін бұзу деп атап, газ турбиналарын жеткізуші "Интеравтоматика" кәсіпорнымен және Кремльге бағынышты компаниялармен бірге жұмыс істеуді тоқтатқан.

11 шілдеде Siemens Мәскеу арбитраж сотына ресейлік компанияларға қарсы шағым түсіріп, құбырларды қайтаруды талап еткен. Кремль Қырымдағы газ құбырлары ресейлік өнім екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG