Accessibility links

Алматыда бос тұрған ғимарат пен үй өртенді


Өртенген үй орны (Көрнекі сурет).
Өртенген үй орны (Көрнекі сурет).

21 тамызға қараған түні Алматының орталығында Мақатаев пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан бос тұрған ғимарат өртенді. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт аумағы 250 шаршы метрді құраған. Өрт туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша 23:32-де түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде бір қабатты ғимарат өртеніп, үш қабатты бос тұрған ғимараттың шатырын шарпыған. Өрт сағат 00:35-те сөндірілген.

Осы өртті сөндіруге бара жатқан көліктердің бірі жолда апатқа ұшыраған. Алдын ала мәліметтер бойынша, арнайы жарық және дыбыс сигналдарын қосып келе жатқан өрт сөндіру көлігі көше қиылысында бағдаршамның қызыл жарығына өтіп, жеңіл көлікпен соқтығысқан. Соққыдан өрт сөндіру көлігі жанына аударылып кеткен.

21 тамызға қараған түні Қалқаман ықшам ауданында жеке мешік жер үй өртенді. Үйдің шатыры өртеніп, үйдің жанындағы жапсарлас салынған құрылысты шарпып, 150 шаршы метр аумақ өртенді. Өрт түнге қарай өшірілді.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттен ешкім зардап шекпеген.

XS
SM
MD
LG