Дамаскіде халықаралық сауда жәрмеңкесі жанына зымыран түсіп, бірнеше адам қаза тапты. Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы 20 тамызда зымыран жарылысынан алты адам құрбан болып, он адам жараланғанын хабарлады.
Сирияның ресми БАҚ-тары зымыран түскенін растағанымен, құрбандар саны мен келтірілген зардап туралы ақпарат бермеді.
Дамаскіде Сирияда азамат соғысы басталғанға дейін жыл сайын өткізілетін халықаралық көрме биыл 2011 жылдан бері бірінші рет өткізіліп жатыр. Жәрмеңкеге 40-тан астам мемлекеттің өкілдері жиналады деп болжанған. Сирия президенті Башар Асад үкімет жәрмеңкені елдегі жағдайдың "тұрақтанғанының" белгісі деп атады.