Accessibility links

Астана мен Ташкент әскери салада ынтымақтаспақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Ташкентте Өзбекстан қорғаныс министрі Кабул Бердиевпен кездесіп, әскери ынтымақтастық жөніндегі жоспарға қол қойды. Өзбекстандық БАҚ-тың жазуынша, көрші елдер арасында мұндай құжат бірінші рет бекітілген.

Қазақстан қорғаныс министрігінің хабарлауынша, келісім бойынша тараптар бірлесіп әскери дайындықтар өткізіп, сарбаздардың әскери білімін көтереді.

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов өлгеннен кейін, Орталық Азиядағы екі ірі мемлекет арасындағы байланыс нығая түсті. Атап айтқанда, Астана мен Ташкент бұған дейін шекарадағы өткізу бекеттерін кеңейту жөнінде келісім жасасқан.

XS
SM
MD
LG