Accessibility links

Ашғабадта салқындатқыштарды тағы да жаппай жинап жатыр


Ашғабадта коммуналдық қызмет жұмысшылары көп қабатты үйлердегі ауа салқындатқыштарды алып жатыр. Қаңтар, 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Ашхабад билігі көпқабатты үйлерде, тұрғындар орналастырған ауа салқындатқыштарды жаппай алып жатыр. Қазір қалада арнайы көлік шағын аудандарды аралап, көзге көрінген салқындатқыштарды демонтаж жасап жатыр.

Тұрғындар Ашхабад билігі салқындатқышты жинау шараларын қолданғанымен, тұрғындар оларды бәрібір орнатып жатқанын айтады.

“Жергілікті билік демонтаж жасағанымен, жаздыгүні ыстыққа шыдау мүмкін емес. Балалар шыдай алмай жылайды. Сол үшін салқындатқышты қайтадан орнатуға тура келеді. Оған 200-300 манат тағы төлейміз” дейді Мир-4 шағын ауданының тұрғындары.

Үш жыл бұрын билік көпқабатты үйлердің сыртында орнатылған салқындатқыштар қаланың сәнін кетіреді деп, жаппай алып тастауға бұйрық шығарған. Бұл тұрғындардың қарсылығын туғызған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG