Accessibility links

АҚШ әскери кемесі Сингапур жағалауында танкермен соқтығысты


Оңтүстік Қытай теңізінде жүрген John S. McCain эсминеці.
Оңтүстік Қытай теңізінде жүрген John S. McCain эсминеці.

АҚШ әскери-теңіз күштері 21 тамызда Сингапур жағалауынан шығысқа қарай америкалық эсминец танкермен соқтығысып, 10 теңізші жоғалғанын және бесеуі жараланғанын хабарлады. John S.McCain зымыран мина тасымалдаушысы 21 дүйсенбі күні таңертеі Alnic MC кемесімен соқтығысқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, John S.McCain кемесінің артқы жағы зақымданған. Жергілікті билікпен бірлесіп іздеу-құтқару шаралары жүргізіліп жатыр" делінген әскери-теңіз күштерінің хабарламасында.

Жапонияда орналасқан 7-флот құрамындағы John S.McCain кемесі Сингапурға "әдеттегі сапармен" бара жатқан.

7-флоттың кемелері Тынық мұхитында соңғы екі айда осымен екінші рет апатқа ұшырап отыр. 17 маусымда USS Fitzgerald кемесі Жапония жағалауында контейнер таситын кемемен соқтығысып, жеті теңізші мерт болған. АҚШ әскери-теңіз күштерінің тергеуінен соң USS Fitzgerald капитаны кемеге команда жасау қызметінен шеттетіліп, бірнеше теңізші жазаланған. Билік бұл апатқа қауіпсіздік талаптарының орындалмауы және бақылаудың әлсіздігі себеп деген қорытынды жасаған.

XS
SM
MD
LG