Accessibility links

Ресейде Сургуттағы шабуылды тексеріп жатыр


Ресейдің Ханты Мансийск автономиялық округінің әкімшілік орталығы Сургут қаласы.
Ресейдің Ханты Мансийск автономиялық округінің әкімшілік орталығы Сургут қаласы.

Ресей билігі Сургут қаласында пышақ ұстаған адамның көшедегі кісілерге шабуыл жасап, жеті адам жараланған оқиғасын тексеріп жатқанын хабарлады. Сургутта 19 тамызда болған бұл шабуыл жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алған.

Ресей тергеу комитеті "қоғамдық резонанс тудырғанына байланысты Сургуттағы кісі өлтіруге оқталу бойынша тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин тапсырған қылмыстық іс бас тергеу басқармасының өндірісіне берілгенін" хабарлады.

19 тамызда Сургутта күндіз пышақ ұстаған ер адам көшедегі жаяу жүргіншілерге шабуылдап, жеті адамды жаралаған. Полиция шабуыл жасаған адамның көзін жойған.

ИМ-мен байланысы бар Amaq агенттігі шабуылдаған адамның ұйым содырларының бірі екенін хабарлады. Ресейлік тергеушілер әзірге күдіктінің аты-жөнін жарияламады және шабуылды террорлық акт деп бағаламады.

XS
SM
MD
LG