Accessibility links

Қырғыз премьері президенттікке кандидат болып тіркелді


Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан премьер-министрі.
Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан премьер-министрі.

Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков президенттікке кандидат болып ресми түрде тіркелді. Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясында (ОСК) 21 тамызда Жээнбековке кандидат болып тіркелгені туралы куәлік берді.

ОСК жұмысшы тобының хабарлауынша, Социал-демократиялық партиясы (СДП) атынан кандидат Жээнбеков сайлау заңы бойынша қырғыз тілінен емтихан тапсырып, сайлау кепілі ретінде 1 миллион сом төлеп, өзін қолдайтын 50 мыңға тарта адамның қолын жинағанын хабарлады. ОСК Жээнбеков жинаған 49779 қолдың 3810-ын жарамсыз деп тапқанын айтады.

Сооронбай Жээнбеков - президенттікке кандидат ретінде тіркелген үшінші үміткер. Бұған дейін "Ак Шумкар" партиясының жетекшісі Темір Сариев пен "Республика - Ата Журт" партиясының лидері Омурбек Бабанов кандидат болып тіркелген. Бабанов пен Сариев те бұрын премьер-министр болған.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанға белгіленген. Іс басындағы президент Алмазбек Атамбаев (ол СДП партиясы қатарында) конституция бойынша екінші мерзімге сайлана алмайды.

XS
SM
MD
LG