Accessibility links

АҚШ-тың Украина бойынша елшісі Ресей өкілімен кездеседі


Курт Уолкер, АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі.
Курт Уолкер, АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі.

АҚШ-тың Украина бойынша жаңа арнайы елшісі Курт Уолкер дүйсенбіде Минскіде Ресей өкілімен кездеседі. АҚШ мемлекеттік департаменті 18 тамызда Уолкер мен Ресей өкілі "Ресей-Украина қарым-қатынасын талқылайтынын" хабарлаған. Кездесуге Ресейден кім қатысатыны хабарланған жоқ, бірақ Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров осы айдың басында АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның өзіне Уолкер "алдағы күндері" Ресей президентінің көмекшісі Владислав Сурковпен кездесетінін хабарлағанын айтқан.

Уолкер Минскіден соң 22 тамызда жоғары шенді шенеуніктермен кездесуге Вильнюске бармақ.

23 тамызда Уолкер мен АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Украина үкіметінің өкілдерімен кездесіп, "Украина территориясының тұтастығы мен егемендігін қалпына келтіру жөніндегі дипломатиялық келіссөздегі ендігі қадамды" талқылайды.

Украина шығысындағы 2014 жылы сәуірде Ресей қолдайтын сепаратистер мен үкімет әскері арасында басталған қақтығыстардан 10 мыңнан астам адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG