Accessibility links

Хатами үйқамақтағы саясаткерлерді босатуды сұрады


Мохаммад Хатами, Иранның бұрынғы президенті.
Мохаммад Хатами, Иранның бұрынғы президенті.

Иранның бұрынғы президенті Мохаммад Хатами Иранның рухани көсемі Әли Хаменеиден реформашыл бағытты қолдайтын екі жетекші саясаткерді үйқамақтан босатуды сұрады. Хатамидің екі реформист саясаткер Мехди Карруби мен Хусейн Мусавиді босатуды сұраған өтініші 20 тамызда өзінің сайтында шықты. Хатами үндеуінде алты жылдан бері айып тағылмаған саясаткерлерді үйқамаққа алу мәселесін шешуді сұраған.

Карруби мен Мусави 2009 жылы сайлау нәтижелерін ықтимал бұрмалауға қарсы жаппай қарсылық акцияларына қатысы бар болғандықтан 2011 жылдан бері үйқамақта отыр. 1997-2005 жылдары Иран президенті болған реформашыл Хатамидің өзі аталған қарсылық акцияларынан соң БАҚ-қа шығу мүмкіндігінен айырылған.

"Бұл мәселе сіз аралассаңыз ғана шешіледі, бұл билік мүддесіне сай келеді және ол күш-қуаттың белгісі болады" деп жазды Хатами Хаменеиге хатында.

Карруби 16 тамызда өзінің ісін сотта қарауды талап етіп, аштық жариялаған. Ол бір күннен кейін кейбір ақпарат бойынша арнайы күзет қызметкерлері өзінің үйін енді қарауылдамайтынына көзі жеткізілген соң аштығын тоқтатқан.

Иран соты 20 тамызда арнайы қызмет Каррубидің үйінің жанынан кетіп қалды деген ақпаратты жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG