Accessibility links

АҚШ Ресейде иммиграциялық емес виза беруді уақытша тоқтатады


АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі (Көрнекі сурет).
АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі (Көрнекі сурет).

АҚШ 23 тамыздан бастап Ресейде иммиграциялық емес виза беруді уақытша тоқтататын болды. Виза беру процедурасы Мәскеуде 1 қыркүйекте қайта басталады. Басқа өңірлерде виза беру белгісіз мерзімге тоқтатылады.

АҚШ елшілігі мұны Ресей билігінің Ресейдегі америкалық дипломатиялық миссия қызметкерлерінің санын азайту шарасына байланысты жасап отырғанын айтады.

28 шілдеде Ресей сыртқы істер министрлігі Ресейдегі АҚШ дипломатиялық миссиясы қызметкерлері санын 455-ке дейін қысқартатынын және АҚШ елшілігі қызметкерлерінің Мәскеудегі Серебряный Бор саяжайы мен қоймаларды пайдалануына тыйым салатынын жариялаған.

Кремль бұл шектеуді АҚШ Конгресінің 27 шілдеде Ресейге қарсы санкцияны қатаңдату туралы заң қабылдағанына жауап ретінде жасағанын айтқан. АҚШ Мемлекеттік департаменті Кремльдің бұл шешіміне "ешқандай негіз жоғын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG