Accessibility links

Марсельде көлік аялдамаға соқтығып, бір адам қаза тапты


Марсельдегі көлік соққан аялдамада жұмыс істеп жатқан тергеушілер. Франция, 21 тамыз 2017 жыл.
Марсельдегі көлік соққан аялдамада жұмыс істеп жатқан тергеушілер. Франция, 21 тамыз 2017 жыл.

Марсельде көлік екі автобус аялдамасын соғып, бір адам қаза тапты. France Press агенттігінің Франция полициясындағы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, күдікті жүргізуші ұсталған.

Марсельде бірнеше ауданға, оның ішінде қайғылы оқиға болған ескі порт ауданына кіретін жолдар жабылды. Сонымен қатар қаладағы негізгі көлік туннельдерінің бірі де жабылды.

Полициядағы дереккөздері әзірге оқиға террорлық акт ретінде, әлде жай оқыс оқиға ретінде қарастырылып жатқанын айтпады.

XS
SM
MD
LG