Accessibility links

Кабул орталығында жарылыс болды


Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері жарылыс болған шетел елшіліктері орналасқан ауданда жүр. Кабул, 31 мамыр 2017 жыл.
Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері жарылыс болған шетел елшіліктері орналасқан ауданда жүр. Кабул, 31 мамыр 2017 жыл.

Кабулдың орталығында, шетел елшіліктері орналасқан ауданда жарылыс болды деп хабарлайды Reuters агенттігі. Агенттік мәліметінше, дипломатиялық миссияларда дабыл белгісі қосылып кеткен. АҚШ елшілігінде жарылыс болардан бұрын зымыран жақындап қалғаны туралы сигнал ойнаған. Жарылыстан зардап шеккендер мен қираған нысандар бары туралы әзірге мәлімет жоқ.

Жарылыс жауапкершілігін де әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Reuters соңғы уақытта Ауғанстанда "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мен "Талибан" қозғалысы содырларының белсенді әрекет етіп жүргенін айтады.

Кабулдың бұл ауданында 31 мамырда да жойқын жарылыс болған. Жанкешті содыр мина жасырылған көлікте өзін-өзі жарып жіберіп, салдарынан 150 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланған. Шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG