Accessibility links

Барселонада шабуыл жасаған адамның көзі жойылды


Барселонаның орталығындағы шабуыл болған маңда жүрген қарулы полиция жасағы. Испания, 17 тамыз 2017 жыл.
Барселонаның орталығындағы шабуыл болған маңда жүрген қарулы полиция жасағы. Испания, 17 тамыз 2017 жыл.

Каталония полициясы Барселонаның орталығында 14 адамды қағып өлтіріп, 100-ден астам адамды жаралаған шағын жүк көлігін жүргізушінің көзі жойылғанын хабарлады. Шабуылдаушының аты-жөні - Мароккодан шыққан 22 жастағы Юнес Абуякуб. 22 тамызға қараған түні полиция оны Каталонияның Риполь қаласындағы үйін тінтіген.

Бұған дейін Барселона маңында полиция қызметкерлері жанкешті белдемшесі бар деген адамды атып өлтіргені хабарланған болатын. Кейін полиция көзі жойылған адамның терактіге қатысы бары туралы ақпаратты және аты-жөнін растады.

Соңғы мәлімет бойынша, Барселонадағы терактіден қаза тапқандар саны 15 адамға жеткен. Полицияның хабарлауынша, күдікті кейін жасырынған көліктің жүргізушісін өлтірген.

17 тамызда Каталониядағы шабуылдар салдарынан 15 адам - 14-і - Барселонада, біреуі Камбрильс қаласында құрбан болды. Тергеушілер терактіні үлкен террорлық топ алдын ала дайындаған деп санайды. Каталониядағы шабуыл жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG