Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев премьер-министр Сооронбай Жээнбековті және үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлық шығарды. Премьер-министр мен премьердің орынбасарлары, министрлер жаңа үкімет құрамы жасақталғанша қызметтерін атқара тұрады.
21 тамызда Жээнбеков Атамбаевтан президент сайлауына түсетініне байланысты өзін отставкаға жіберуді сұраған. Жээнбековтің кандидатурасын президент Атамбаев мүше Социал-демократиялық партия (СДП) ұсынған. 21 тамызда Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы Жээнбековті кандидат ретінде тіркеп, куәлік берген.
Сооронбай Жээнбеков "Ак Шумкар" партиясының жетекшісі Темір Сариев пен парламенттегі "Республика - Ата Журт" фракциясының жетекшісі Омурбек Бабановтан кейін тіркелген үшінші кандидат. Сариев пен Бабанов та бұрын премьер-министр болған.