Accessibility links

Сурков: Уолкермен Украинаға қатысты тың идеяларды талқыладық


Ресей президентінің көмекшісі Владислав Сурков (сол жақта) пен АҚШ Мемлекеттік департаментінің Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкер.
Ресей президентінің көмекшісі Владислав Сурков (сол жақта) пен АҚШ Мемлекеттік департаментінің Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкер.

Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Владислав Сурков АҚШ Мемлекеттік департаментінің Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкермен кездесіп, Донбасағы қақтығысты реттеуге қатысты "тың идеяларды" талқылағанын хабарлады. Кездесу 21 тамызда Минскіде жабық түрде өтті.

"Кездесу пайдалы әрі конструктивті болды" деді Сурков келіссөзден соң ресейлік журналистерге. Тараптар 2015 жылы ақпанда жасалған, бірақ соғысушы тараптар үнемі бұзып келген Минск бейбіт келісімін іске асыру үшін "тың идеялар мен жаңа әдістер ұсынған".

Сурков Уолкермен Украинадағы қазіргі жағдайдың оңалмай тұрғанын мойындап, "бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы саяси іс-қимылдар бұдан ары да жалғаса беруі тиіс" дегенге уағдаласқанын айтты.

Курт Уолкер келіссөзден соң ешқандай комментарий бермеді.

XS
SM
MD
LG