Accessibility links

Шымкентте перзентханада шетінеген балаға сараптама тағайындалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Шымкенттегі №4 перзентханада қайтыс болған сәбиге сот медициналық сараптама тағайындалды" деп хабарлады Азаттыққа қайтыс болған баланың туыстары.

- Кеше полицейлер келіп, баланы алып кетті. Бүгін түскі сағат 13-ке дейін сот-медициналық сараптаманы аяқтаймыз деген. Содан кейін баланы жерлейміз, - дейді қайтыс болған Мүслім Асылбектің әкесі Қазыбек Жомартовтың туысы Нұрғали Түлендиев.

Нұрғали Түлендиевтің айтуынша, 18 тамызда дүниеге келген Мүсілім Асылбекке өткен сенбі, 19 тамыз күні ине салғаннан соң жағдайы нашарлап, көп өтпей бала қайтыс болған. Туыстары 21-тамыз күні баланы мәйітханадан шығарғаннан соң жерлейтіннің алдында шомылдырған кезде ұл баланың орнына қыз баланың мәйітін көрген.

№4 перзентхана басшылығы қызметкерлер үстінен тексеру басталғанын айтады. Қайтыс болған балалардың мәйіттерін алмастырып жіберген қызметкерлер анықталып жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау департаменті мен баланың ата-анасы Азаттыққа түстен кейін комментарий беруге уәде берді.

XS
SM
MD
LG