Accessibility links

Шымкентте жаяу жүргіншілерді қаққан полицей қамалды


Шымкенттегі полицейлер (Көрнекі сурет).
Шымкенттегі полицейлер (Көрнекі сурет).

Шымкенттегі Жібек жолы көшесінде үш жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан көлігін тастап кетіп қалған полицей қамауға алынды. Бұл жайында Азаттыққа сейсенбіде Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің қпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы 18-тамыз күні болған. Оқиға орнына барған полицейлер BMW автокөлігінің жүргізушісі үш жаяу жүргіншіні қағып кеткенін анықтаған. Көлік қаққан 1980 жылы туған ер адам оқиға орнында қайтыс болып, 1981 және 2010 жылы туған екі жәбірленуші дене жарақаттарымен Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген.

Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше сараптама тағайындалған. Күдікті жүргізуші ішкі істер органының қызметкері екені анықталып, тергеу абақтысына қамалған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG