Жамбыл облысының Мерке аудандық соты православ дін қызметкері Владимир Воронцовтың ауылынан 20 километр қашықтықта тауда құлшылық қылғанына байланысты қозғалған істі тоқтатты.
Жергілікті билік тауда, шіркеуден тыс жерде құлшылық жасауға тыйым салынғанын айтып, оны "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңды бұзды деп айыптайды. Сот "әкімшілік құқық бұзу болмаған" деп, 21 тамыз күні кешке істі жабу туралы қаулы шығарған. Владимир Воронцов бұған қатысты комментарий беруден бас тартты.
Жамбыл облысының Меркі аудандық сотында Азаттыққа Воронцовқа қатысты істің тоқтатылғанын растады.
Шілденің басында Владимир Воронцов, Меркідегі шіркеу жанында жұмыс істейтін православиелік үйірмеге баратын 30 бала мен бес ата-ана палаткаларын алып 12 күнге жолсапарға шыққан.
Топ Сурат шатқалы мен аңшылық аумақтың маңында иесінің келісімімен шатыр лагерді жығып, құлшылық жаса үшін үлкен палаткамен табиғат аясында тігілетін храм орнатқан.
Он күннен соң оларға әкімдік, ішкі істер органдары, полиция мен ҰҚК өкілдері барған. Олар аты-жөнін атамаған адамның олардың үстінен шағымданғанын айтып, "Діни қызмет және діни бірлестіктері туралы" заңның 490-бабын бұзғаны туралы хаттама толтырған.
Оқи отырыңыз: Священник таудағы құлшылығы үшін сотты болды
Бұған дейін Владимир Воронцов Азаттыққа бір де бір заңда табиғатта, тауда дәни құлшылық жасауға тыйым салынбағанын айтқан. Ол "Діни қызмет және діни бірлестіктері туралы" заңда діни құлшылықты мемлекеттік органдар, армия, мектеп, балалар мекемесі сияқты белгілі бір орындарда жасауға тыйым салатын бір ғана пункт барын айтқан.
Меркі аудандық ішкі саясат бөлімі Азаттыққа комментарий беруден бас тартты.