Accessibility links

Йемен: Иран азамат соғысына дем беріп отыр


Азамат соғысынан қираған Сана қаласының көшесінде үйілген қоқыс жанында кетіп бара жатқан әйелдер. Йемен, 8 мамыр 2017жыл.

Йемен сыртқы істер министрі Абдулмалик әл-Мехлафи Иранды көтерілісшіл хуситтерді қолдап, елдегі азаматтық соғысқа "дем беріп отыр" деп айыптады. Министр Тегеран қақтығысты реттеуге үлес қосатын мемлекет рөлін атқара алмайтынын айтты.

Абдулмалик әл-Мехлафи БҰҰ-ның Нью-Йоркте өткізген баспасөз конференциясында "Тегеран Йемендегі қақтығысты саяси жолмен реттеу процесіне қатыса ала ма?" деген сауалға берген жауабында "Иран бұл мәселеге себепкер, ол хуситтерді қолдап, қару-жарақ контрабандасын жасап отыр. Иран бұл проблемаы шешпейді,керісінше оның бір бөлшегі болып отыр" деді.

Бұған дейін хуситтерге қару-жарақ жеткізіп беретінін жоққа шығарған Иран Йеменнің айыптауына әзірге жауап берген жоқ.

Сауд Арабиясының БҰҰ-дағы елшісі Абдалла әл-Муаллими де Йемендегі жағдай бойынша дипломаттарға арналған ертеңгілік астан соң Иранды сынады. "Иран аймақтан кетуі тиіс. Оның аймақта ешқандай рөлі жоқ" деді елші.

Сауд Арабиясы Йемендегі азамат соғысында йемен үкіметін қолдайды және хуситтерге әуеден соққы беріп жатқан араб елдерінің коалициясын басқарып отыр.

Йемендегі азамат соғысы 2014 жылы қыркүйекте басталған.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG