Accessibility links

БҰҰ: Пхеньянның Сирияға жөнелткен құпия жүктері ұсталды


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (оң жақтан бірінші).
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (оң жақтан бірінші).

Соңғы жарты жылда Дамаскінің химиялық қару жасау бағдарламасына жауапты Ғылыми зерттеулер орталығына арнап Солтүстік Кореядан Сирияға құпия екі жүк қолға түскен. Бұл туралы БҰҰ-ның Пхеньянға қарсы санкцияны бұзу оқиғалары туралы құпия құжатына сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады.

Құпия есеп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тамыздың басында ұсынылған. Құжатта аталған жүктердің қашан және қайда қолға түскені және онда не бары айтылмайды.

Жүк Сирияға Солтүстік Кореяның KOMID компаниясымен жасалған келісім бойынша жөнелтілген. Бұл компания БҰҰ санкциясына 2009 жылы ілінген. Компания баллистикалық зымырандар жасауға арналған құрал-жабдықтарды жеткізуші негізгі экспортер саналады. Зерттеу авторлары жүкті жалған атпен тіркелген компаниялар алатын болған.

Солтүстік Кореяға оның ядролық бағдарламасына қарсы халықаралық санкциялар салынғанына 10 жылдан асты. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 5 тамызда баллистикалық зымыран сынағаны үшін Пхеньянға салынған санкцияны қатаңдатуды мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG