Accessibility links

Каталониядағы шабуылдарға күдіктілерді сотқа жеткізді


Барселонадағы теракт болған орында тұрған әйел. Испания, 20 тамыз 2017 жыл.
Барселонадағы теракт болған орында тұрған әйел. Испания, 20 тамыз 2017 жыл.

Мадридте Каталониядағы террорлық шабуылдарға күдікті төрт адам сотқа жеткізіліп, сотта қауіпсіздік шаралары күшейтілді деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Испания полициясының мәліметінше, Каталониядағы терактілерге 12 адамнан тұратын террорлық топтың қатысы бар. Бүгінге дейін олардың төртеуі ұсталып, сегізінің көзі жойылған.

Кеше полиция Барселонаның орталығында көлікпен жаяу жүргіншілерді қағып өлтірген деген күдікті Юнес Абуякубтың көзін жойған.

17 тамызда Каталонияда болған шабуылдардан 15 адам - 14-і Барселонада, біреуі Камбрильсте қаза тапқан. 100-ден астам адам жараланған. Шабуылдарды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG