Accessibility links

Қазақстанда бірнеше сириялық жалған құжатпен ұсталған


Алматы әуежайындағы ұшақтар. (Көрнекі сурет)

ҰҚК-ның шекара қызметі жалған құжатпен Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне өтпек болған Сирияның сегіз азаматын ұстады деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Мәліметке қарағанда, бүгін "Алматы" шекара бақылау бөлімінің жасағы "Тегеран - Алматы" рейсінен түскен Сирияның алты азаматын ұстаған.

"Олар Болгария азаматтығы туралы жалған құжатпен жүрген. Астана - Лондон рейсімен Елордадан ұшпақ болған Сирияның өзге азаматтары да осындай жалған құжатпен жүрген" делінген хабарламада.

Кеше Астанада Сирияның екі азаматы жалған құжатпен Ұлыбританияға ұшпақ болған жерінен ұсталғаны хабарланған еді.

Ұсталғандардың айтуынша, олар Қазақстаннан транзитпен өтіп, Еуропа Одағы елдеріне жеткісі келген.

Қазақстан Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына жүздеген азаматы қосылып кеткенін айтады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG