Accessibility links

Мадуро "АҚШ-тың қоқан-лоқысына" қарсы Ресейден көмек сұрады


Николас Мадуро, Венесуэла президенті.
Николас Мадуро, Венесуэла президенті.

Венесуэла президенті Николас Мадуро Ресей мен Ватиканды АҚШ-тың "әскери қоқан-лоқысына" қарсы тұруға көмектесуді сұрады. Мадуро таяуда Мәскеуге сапарлап, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетінін мәлімдеді.

Мәскеуде сапарлап жүрген Ватикан елшісі Ресейді бірнеше айдан бері үкіметке қарсы жаппай шерулер өтіп жатқан Венесуэладағы шиеленісті бәсеңсітуге көмектесуге шақырды. Демонстранттар Мадуроны елді дендеген экономикалық дағдарысқа ұрындырды деп кінәлайды.

"Пападан АҚШ-тан төніп тұрған әскери қауіпке қарсы тұруға көмек сұраймын" деді Мадуро Каракаста өткен баспасөз конференцясында. Мадуро АҚШ президенті Дональд Трамптың Вашингтон Мадуроның авторитарлық билігіне қарсы Венесуаладағы жағдайға әскери килігу мүмкіндіктерін қарастырып жатқаны туралы мәлімдемесінен соң АҚШ өз еліне басып кіруі мүмкін деп қауіптеніп отырғанын мәлімдеді. Ресей Трамптың қоқан-лоқысын "орынсыз" деп атаған.

Мадуро АҚШ-тың қоқан-лоқысына қарсы тұру үшін "Мәскеумен әскери ынтымақтастықты нығайта бергісі келетінін" айтты.

Ресей таяуда Венесуэлаға жойғыш ұшақтар мен құрлықтан атылатын зымырандар жөнелткен. "Венесуэла Ресейді толық қолдайды" деп мәлімдеді Мадуро.

XS
SM
MD
LG