Accessibility links

Тиллерсон: Пәкістан одақтас мәртебесінен айырылуы мүмкін


Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Вашингтон Исламабад егер "Талибанмен" және басқа да экстремистік топтармен күреспесе Пәкістанды "НАТО құрамына кірмейтін басты одақтас" деген мәртебесінен айыру мәселесін қарастыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Сенім бұзылды, себебі біз террорлық ұйымдардың Ауғанстанда бейбітшілік орнатудағы қызметімізді бұзып, америкалық әскерилер мен лауазымды тұлғаларға қарсы шабуыл жоспарлап, оны орындау үшін Пәкістаннан пана тапқанына куә болдық" деді Тиллерсон 22 тамызда Вашингтонда журналистерге.

21 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп Исламабадты аймақтағы экстремистік ұйымдарды қолдап, паналатып отыр деп айыптап, ескерту жасаған.

"Пәкістан басқа саясат ұстану тиіс және біз оларға өзін террорлық ұйымдардан қорғануда көмектесуге дайынбыз. Біз жетістікке жету үшін Пәкістанды және олармен байланысымызды қолдай береміз. Бізде бірқатар тетіктер бар. Олардың НАТО-дан тыс одақтас мәртебесін қайта қарауымыз мүмкін" деді Тиллерсон.

Пәкістан АҚШ-тың "НАТО-дан тыс басты одақтасы" деген мәртебеге ие 16 елдің бірі. Бұл елдер АҚШ-пен тығыз әскери ынтымақтастық орнатқан.

XS
SM
MD
LG