Accessibility links

Ресей АҚШ-тың "Пхеньянды қолдады" деп санкция салғанына жауап бермек


Сергей Рябков, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары.
Сергей Рябков, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары.

Ресей АҚШ-тың Солтүстік Кореяның ядролық қару және баллистикалық зымыран жасау бағдарламасына көмектесті деп айыпталған 16 ресейлік және қытайлық компаниялар мен жеке тұлғаларға санкция салғаны үшін жауап шараларын қабылдайтынын мәлімдеді.

АҚШ қаржы министрлігі 22 тамызда Солтүстік Кореяны одан ары оқшаулау мақсатында Пхеньянның әскери бағдарламаларына қолдау көрсетті делінген қытайлық және ресейлік компаниялар мен жеке тұлғаларға санкция салған. Санкцияға Солтүстік Кореяға мұнай сатады делінген қытайлық бес компания, ресейлік бір компания және сингапурлық екі компания енгізілген.

Санкция салынғаны жарияланғаннан бірнеше сағаттан соң Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков министрлік бұған жауап шараларын дайындайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG