Қазақстандағы мемлекеттік «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы (РТРК) жаңа эфир маусымы басталған күні компанияда ребрендинг жасалғанын жариялады деп хабарлады Азаттық тілшісі.
Телерадиокорпорация атауы бұдан былай Qazaqstan деп жазылмақ. Корпорация құрамына енетін 14 аймақтық арналардың атаулары да жаңарған (мысалы, «Қазақстан – Ақтау» енді Mangystau, «Қазақстан – Шымкент» Ontustik деп аталмақ), бұл мекемеге қарасты бірнеше БАҚ-тың атауының жазылуы да ("Қазақ радиосы" - Qazaq radiosy, "Қазспорт" - Qazsport) өзгерген.
Бұған қоса телеарнаның логотипі де жаңарған.
Компания бұл өзгерістерді «ұлттық дәстүрді әйгілейтін, корпорацияның жаңа әлемдік стандарттарға талпынысын көрсететін біртұтас танымал белгі құру» әрекеті ретінде сипаттайды.
«Қазақстан» РТРК құрамында үш республикалық және 14 аймақтық телеарна, төрт радио мен 36 сайт бар. Телеарна Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Моңғолия мен Қытайдың кей өңірлеріне де хабар таратады.