Accessibility links

Ресейдің Судандағы елшісінің денесі өлі күйде табылды


Ресей сыртқы істер министрлігі, Мәскеу (Көрнекі сурет).
Ресей сыртқы істер министрлігі, Мәскеу (Көрнекі сурет).

Судандағы Ресей елшісі Миргаяс Ширинский өзінің резиденциясында өлі күйінде табылды деп хабарлайды France Press агенттігі. Al Arabiya телеарнасының дереккөзі Миргаяс Ширинскийдің денесі хауыздан табылғанын айтқан.

Ресей сыртқы істер министрлігі дипломаттың өлімін растағанымен, оның себебін әлі айтпады.

Судан полициясы Reuters агенттігіне Ширинскийдің денсаулығында проблема болғанын айтқан. Осыған дейін ол жүрек-қан тамырлар ауруымен ауырған екен.

XS
SM
MD
LG