Accessibility links

Меркель: АҚШ әлемнен оқшауланып, ұлы ел бола алмайды


Ангела Меркель, Германия канцлері.
Ангела Меркель, Германия канцлері.

Германия канцлері Ангела Меркель АҚШ-тың оқшаулану саясатын сынады. Ол "Америка әлемнен бөлініп, ұлы бола алмайтынын" айтты. Handelsblatt газетіне берген сұхбатында Меркель ғаламдасуды дамыта беретінін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін протекционизмді (тауарға қымбат салық салу жүйесі) қолдайтынын бірнеше рет мәлімдеген. Ол Вашингтон өзге елдермен саудада әділетсіз шарттан зардап шегіп келе жатыр деген. Соған қарамастан мамыр айында өткен үлкен жетіліктің жиынында АҚШ қорытынды құжатқа протекционизммен күресті қосуды қолдаған.

Биыл наурыз айында Еурокомиссия өкілі Жан-Клод Юнкер Трамптың протекционизмді қолдайтынына күмәнмен қарап, Еуропа Одағына "АҚШ-пен сауда соғысына дайын болу керегін" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG