Accessibility links

Қырғызстан: Президенттікке төртінші кандидат тіркелді


Бақыт Торобаев, Қырғызстан президенттігіне кандидат.
Бақыт Торобаев, Қырғызстан президенттігіне кандидат.

Қырғызстан парламентіндегі "Онугуу-Прогресс" партиясы фракциясының лидері Бақыт Торобаев президенттікке кандидат болып ресми түрде тіркелді.

Кандидат заң талабы бойынша қырғыз тілінен емтихан тапсырып, сайлау кепілдігі ретінде бір миллион сом (шамамен 14500 доллар) төлеп, өзін қолдайтын 72 мыңнан астам адамның қолын жинаған.

Бақыт Торобаев - президенттікке кандидат ретінде тіркелген төртінші адам. Бұған дейін Социал-демократиялық партиядан (СДП) Сооронбай Жээнбеков, "Ак Шумкар" партиясының жетекшісі Темір Сариев және парламенттегі "Республика - Ата Журт" фракциясының жетекшісі Омурбек Бабанов кандидат болып тіркелген.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді.

7 тамызда "Онугуу-Прогресс" партиясының жетекшісі Бақыт Торобаев, "Бутун Кыргызстан" партиясының жетекшісі Адахан Мадумаров пен "Ата Журт Мекенчил" партиясының лидерлері Ахматбек Келдібеков пен Камчыбек Ташиев бірігіп, жаңа саяси партия құратынын және президенттікке ортақ кандидатты қолдайтынын мәлімдеген. Олар төрт адамның арасынан ортақ кандидатты жариялайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG