Accessibility links

Сепаратистер Донбастағы бітімді қолдайтынын мәлімдеді


Денис Пушилин, Украина шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистер жетекшісі.
Денис Пушилин, Украина шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистер жетекшісі.

Украина шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистер жаңа оқу жылы басталар қарсаңындағы қақтығысты тоқтату режимін 25 тамыздан орындайтынын мәлімдеді. Сепаратистердің ақпараттық сайты сепаратистер жетекшісі Денис Пушилиннің өз жасақтары Донбастағы майдан шебінде тұрақты және барлығына ортақ бітімді қолдайтыны туралы мәлімдемесін жариялады.

ЕҚЫҰ-ның Украина шығысындағы елшісі Мартин Сайдик бұған дейін "мерзімі жоқ" бітім 25 тамызға қараған түннен бастап күшіне енетінін растаған. ЕҚЫҰ мәлімдемесінде ұйым "қақтығысты тоқтату режимінің қайта іске қосылғанын құптайтыны" және бітімді "Минск келісіміне қол қойған барлық тараптың оны орындайтыны туралы саяси белгі беруі" деп қабылдайтыны" айтылған.

Донбастағы қақтығысты тоқтату туралы келісім 22 тамыз күні кешке Украина, Ресей, Германия және Франция басшыларының телефонмен әңгімесінде жасалған.

XS
SM
MD
LG