Accessibility links

Ресей Приднестровьеден әскерін шығару ұсынысын қабылдамады


Василий Небензя, Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі.

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Василий Небензя Молдова үкіметінің БҰҰ Бас ассамблеясының қыркүйекте болатын сессиясында жікшіл Приднестровье аймағынан Ресей әскерін шығару мәселесін талқылау ұсынысын қабылдамай тастады.

Василий Небензя Молдовның ұсынысы "мүлдем күтпеген" және "онша достық сарында емесін" айтты. Ресейлік дипломат Мәскеуге бұл туралы алдын ала ескертілмегенін айтты. "Әрине, бұл әлдеқашан орныққан бейбіт процеске бастамайды" деді Небензя Нью-Йоркте ТАСС агенттігінің журналистеріне.

Молдова парламентінің спикері Андриан Канду 23 тамызда Facebook-тегі жазбасында ұсыныс хат БҰҰ-ның Молдовадағы тұрақты өкілі Виктор Морарға табысталғанын растады. Бұған дейін БҰҰ-ға мұндай ұсыныс жасалғаны туралы ресейлік БАҚ хабарлаған. " Ресей 25 жыл бойы бітімгершілік миссиясы деген атты жамылып территориямызға әскерін түсіріп, қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізіп, бізді үрейде ұстап келді" деп жазған Канду хатында.

XS
SM
MD
LG