Accessibility links

Ресей мектептерінде "мемлекеттік қауіпсіздік" сабағы өтеді


Ресейдегі мектеп оқушылары (Көрнекі сурет).
Ресейдегі мектеп оқушылары (Көрнекі сурет).

Ресей мектептерінде 1 қыркүйекте "Болашаққа ұмтылған Ресей" деген тақырыпта арнайы сабақ өткізіледі. Ресей білім министрлігінің хабарлауынша, сабақ саясат пен мемлекеттік қауіпсіздік жайында болады. Пән барлық сынып оқушыларының бағдарламасына кірген.

Жаңа сабақтың үкімет әзірлеп жатқан 2035 жылға дейінгі стратегиясы негізінде енгізілгені хабарланды. Мұндай сабақ өткізуді "Бүкілресейлік халық майданы" ұсынған. Білім министрлігінің баспасөз қызметі "мектеп оқушылары қазіргі заманғы Ресей мен оның дамуындағы өз орындарын түйсінуі керек" дейді.

Ресейде биыл көктемде оқушылар мен студенттер қатысқан жемқорлыққа қарсы жаппай қарсылық акцияларынан соң кейбір оқу орындарында "тәрбиелік әңгімелесу" жүргізіле бастаған. Бірер күн бұрын Забайкальеде мектеп директорларына президент Владимир Путин құрған Ресей оқушыларының қозғалысын қолдаудан бас тартқаны үшін жұмыстан босатылатыны туралы ескерту жасалғаны белгілі болған. Путиннің өзі соңғы уақытта оқушылармен және жастармен бірнеше рет кездесті.

XS
SM
MD
LG