Оңтүстік Қазақстан облысына 205 жаңа мектеп қажет деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов бүгін Шымкентте өтіп жатқан конференцияда.
"Бүгінде 205 мектептің 39-ының құрылысы басталды. Өкінішке қарай, республикалық және облыстық бюджеттен салынатын мектептердің жобалық сметалық құжаттарын дайындау, мемлекеттік сараптамадан өткізу облыста баяу" дейді ол.
Облыстық білім басқармасы дерегінше, өңірде 2017 жылы 33 мыңға жуық оқушы мектеп бітірген, ал қыркүйекте 73 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа бармақ.
Аймақта мектеп тапшылығы жылдан жылға артып бара жатқанын шенеуніктер 205 мектепті төрт жылда салып бітіру қажет екенін айтады.