Accessibility links

ОҚО: Былтырғы оқу жылында 72 оқушы өз-өзіне қол салған


Оңтүстік Қазақстандағы мектептердің бірінің алдында жүрген оқушылар. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) 2016-2017 оқу жылында 72 бала өз-өзіне қол салған деп хабарлады облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов. Оның сөзінше, өңірде 2015-2016 жылы мектеп оқушыларының арасында суицидке ұрынған 49 бала болған.

Облыстық білім басқармасының басшысы жасөспірімдер арасында ерте жүктілік деңгейі төмендемей отырғанын да айтты.

Қазақстан әлемде суицид деңгейі жоғары елдер қатарында. Прокуратура мәліметіне қарағанда, былтырғы кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтің 32 пайызы «отбасындағы ішкі проблемалар» кесірінен; 2,9 пайызы - жалғызсыраудан; 7 пайызы «туыстар арасындағы жанжалдар» салдарынан болған.

Бас прокуратура дерегі бойынша, 2015 жылы Қазақстанда өзіне қол жұмсаған 201 жасөспірім өмірден озған. Бұл көрсеткіш 2014 жылғымен салыстырғанда (192 бала) 4,7 пайызға артық.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG