Accessibility links

UEFA: "Ақтөбе" футболшы Данило Некоға қарызын қайтарсын


Ақтөбедегі футбол матчының қарсаңында (Көрнекі сурет).
Ақтөбедегі футбол матчының қарсаңында (Көрнекі сурет).

"Ақтөбе" футбол клубы 2014- 2015 жылдары команда құрамында болған легионер Данило Некоға берешек қарызын өтемегені үшін UEFA-дан (Еуропа футбол қауымдастығы одағы) ескерту хат алды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлайды.

"Ақтөбе" бразилиялық жартылай қорғаушы Данило Некоға 300 мың долларға жуық берешек. Яғни, "Ақтөбе" құрамында болған соңғы бірнеше айы бойы Данило Некоға жалақы төленбеген, сонымен қатар жартылай қорғаушы клубтан келісім шартты бұзғаны үшін де өтемақы талап етіп отыр.

2015 жылғы жалақысын ала алмаған Данило Неко былтыр клуб үстінен FIFA-ға шағым түсірген. Былтыр тамыз айында FIFA "Ақтөбеге" хат жолдап, бұл мәселеге қатысты ұстанымын сұраған.

- Біз қазір ойыншының өкілімен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл өте күрделі келіссөз болатын сыңайы бар. Келісімге келмеген жағдайда клубқа санкция қолданылуы да мүмкін, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

"Ақтөбе" клубының баспасөз қызметі бұрынғы ойыншылары алдындағы қарыздың жалпы сомасы туралы ақпарат бермеді. Белгілісі, "Ақтөбе" Данило Некодан өзге, Маркос Пиззелли, Айоделле Аделейе секілді бірнеше ойыншыға миллиондаған доллар берешек.

XS
SM
MD
LG