Accessibility links

Ташкент Мәскеуден Каримованың активін бұғаттауды сұрады


Гүлнара Каримова.
Гүлнара Каримова.

Өзбекстан бас прокуратурасы Ресей билігінен Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримоваға тиесілі жылжымайтын мүліктерін бұғаттауды сұрады. Ресей бас прокуратурасының баспасөз қызметі 24 тамызда өзбек жағының өтінішін қарастырып жатқанын хабарлағанымен, ресми Ташкенттің Каримованың қандай нысандарын арестке алуды сұрағанын нақтыламады.

Өткен айда Өзбекстан бас прокуратурасы Каримованың қамауда екенін және оған қатысты 2015 жылы шыққан сот үкімінен кейін тағылған қосымша айыптар бойынша тергеу жалғасып жатқанын хабарлаған. Өзбекстан прокуратурасының 28 шілдеде таратқан хабарламасында өзбек билігінің 12 елдегі Гүлнара Каримоваға тиесілі бір жарым миллиард долларды құрайтын активтерін, оның ішінде Мәскеудегі пентхаус, вилла, сегіз пәтер, қонақүй кешені, үй мен жер телімін арестке алуға тырысып жатқаны айтылған. Сонымен қатар Каримованың 590 миллион долларға тең активті заңсыз иеленіп, 870 миллион долларды пара түрінде алғаны айтылады.

Оқи отырыңыз: Гүлнара Каримованы мақтағандар одан сырт айналды

45 жастағы Гүлнара Каримова кезінде әкесінің орнын басуы әбден мүмкін мұрагерлерінің бірі саналатын. Ол поп-әнші, модельер ретінде көп алдында жиі көрініп, БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінде Өзбекстан елшісі ретінде қызмет атқарған.

XS
SM
MD
LG