Еуропа киноакадемиясы ресейлік режиссер Кирилл Серебренниковтің үйқамаққа алынғанына "үлкен алаңдаушылық" білдірді. Академияның 20-дан астам мүшесі Ресей билігін Серебренниковті дереу босатуға шақырды.
Еуропа киноакадемиясының сайтында жарияланған ашық хатта Серебренниковтің "ең танымал" театр және кино режиссерларының бірі екені айтылған. Академия 2013 жылы оның "Измена" фильмін, 2016 жылы "Ученик" фильмін марапаттаған. Серебренниковтың картиналары Канн және Венеция кинофестивальдеріне және Локарнодағы кинофестиваліне қатысқан.
Еуропа киноакадемиясы мүшелерінің ашық хатында Серебренниковты "саяси астармен қамалды" деуге негіз бары айтылады. "Ресейлік режиссер дереу және ешқандай шартсыз босатылып, еркін жүріп-тұруы мен шығармашылық еркіндігіне кепілдік берілуі тиіс" делінген Еуропа киноакадемиясының үндеуінде.