Accessibility links

БҰҰ Боқаев пен Аянның қамалуын "жосықсыз" деп атады


Сотталған азаматтық белсенділер Макс Боқаев (сол жақта) пен Талғат Аян. Атырау, 28 қараша

Құқық қорғаушыларды қорғау обсерваториясы (Observatory for the Protection of Human Rights Defenders) Астананы атыраулық белсенділер, Қазақстандағы "жер мәселесіне" қатысты митингілерден кейін сотталған Макс Боқаевпен Талғат Аянды дереу босатуға шақырды.

"Қазақстан билігі БҰҰ-ның қисынсыз тұтқындау жөніндегі жұмысшы тобының (UN Working Group on Arbitrary Detention, WGAD) Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісі бойынша оларды босатып, өтемақы төлеуді талап ететін қорытындысын дереу орындауы тиіс" делінген OMCT-FIDH-ның 24 тамызда таратқан ақпаратында.

БҰҰ-ның қисынсыз тұтқындау жөніндегі жұмысшы тобының 78-сессиясында №16/2017 тұжырымы қабылданған. Онда Макс Боқаев пен Талғат Аянның ұсталғаны "жөн-жосықсыз, қисынсыз" деп бағаланған. Жұмысшы тобының сарапшылары "Боқаев пен Аянның ұсталуы олардың ой-пікірін еркін білдіру және жиналу еркіндігі құқықтарын пайдаланғанымен байланысты және ол Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің 26-бабына қайшы келеді" деген.

Жұмысшы тобының бас хатшысы Геральд Стаберок Боқаев пен Аянға қатысты сот процесі "Қазақстандағы бейбіт қарсылық жиынын өткізу құқығы бәске тігілген" оқиға болғанын, ал белсенділерге жаза кесу елде адам құқықтары қорғалмайтынын айқын аңғартты деп санайды. Стаберок жұмысшы тобы шығарған қорытындыны Қазақстанға "масқаралықпен жазалауын" түзетуге берілген мүмкіндік деп атап, Астана оны пайдаланып қалатынынан үмітті екенін білдірді.

Құқық қорғаушыларды қорғау обсерваториясын 1997 жылы Дүниежүзілік азаптауға қарсы ұйым мен Халықаралық адам құқығы жөніндегі федерация құқық қорғаушыларға репрессияның алдын алу және жою мақсатында құрған.

Талғат Аян мен Макс Боқаевты 2016 жылы қарашада Атырау соты "әлеуметтік араздық тудырды", "митинг өткізу туралы заңнаманы бұзды" және "жалған ақпарат таратты" деп айыптап, бес жылға соттаған. Сот шешімі бойынша, олар сонымен қатар ірі мөлшерде айыппұл төлеуі тиіс. Боқаев пен Аян да өздеріне тағылған айыпты мойындамаған. Жақтастары мен құқық қорғаушылар белсенділерге қарсы істің саяси астары бар дейді.

Боқаев пен Аянның үкімі оқылған сәт (28.11.2016)

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG