АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеубаласы әрі кеңесшісі Джаред Кушнер Израиль мен Палестина арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөзді қайта жалғастырды. Wall Street Journal-дың хабарлауынша, Кушнер Иерусалимде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесті. Бұдан соң ол Рамаллада Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен келіссөз жүргізді.
ТРамп сайлауалды кампаниясында израильдіктер мен палестиналықтар арасында "түпкілікті бейбіт келісім" жасалуына қол жеткізуден үмітті екенін мәлімдеген. Voice of America Трамптың сөз ауаны Израильге жақтас екенін байқатып тұрады дейді. Бірақ бұған қарамастан Палестина басшылары келісімге қол жеткізу мүмкіндігі барын жоққа шығармайды.
Палестина автономиясының сыртқы істер министрі Рияд Малики Voice of Pakistan радиосына Кушнердің сапарында палестиналықтар одан "нақты, айқын жауап алуға тырысып жатқанын айтты. Малики Кушренден АҚШ-тың Палестина территориясының тәуелсіздігі мен Израиль қоныстары туралы ұстанымдарын егжей-тегжейлі сұрап алмақ ниетте.