Accessibility links

СІМ: Ирактағы соғыс аймағынан 14 қазақстандық құтқарылды


Әнуар Жайнақов, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы. Астана, 25 шілде 2017 жыл.
Әнуар Жайнақов, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы. Астана, 25 шілде 2017 жыл.

"Ирактағы соғыс болып жатқан аймақтардан 14 қазақстандық азамат шығарылды" деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Әнуар Жайнақовтың Facebook-те жазуынша, соғыс жүріп жатқан аймақтардан шығарылды деп хабарланған қазақстандықтардың біреуі ер, үшеуі әйел, қалған оны - балалар.

"Қазір олар Иракта, эвакуацияға дайындалып жатыр. Бұл мәселемен Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінің дипломаттары айналысып жатыр" деп жазды Жайнақов. Ол Ирактағы қазақстандықтарға қатысты толығырақ ақпараттың кейінірек берілетінін айтады.

24 тамызда Ресейдің Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров Instagram-да Ирактың Күрдістан аймағындағы Таль-Афар қаласынан Ресейдің алты, Қазақстанның алты азаматы құтқарылғанын жазған.

XS
SM
MD
LG