Accessibility links

Мәскеуде шабуыл жасалған белсенді көз жұмды


Мәскеудегі Борис Немцовты өлтіріп кеткен көпіргеазаматтар қойған саясаткердің суреті мен гүл шоқтары.
Мәскеудегі Борис Немцовты өлтіріп кеткен көпіргеазаматтар қойған саясаткердің суреті мен гүл шоқтары.

Мәскеуде ауруханада белсенді, оппозициялық саясаткер Борис Немцовті өлтіріп кеткен көпір үстінде белгісіз біреу соққыға жығып, мұрнын сындырып кеткен Иван Скрипниченко көз жұмды. Бұл жайында "Медиазона" сайты саясаткерге орнатылған халықтық мемориалды қарауылдауға қатысқан белсенді Андрей Маргулаевқа сілтеме жасап хабарлады.

Шабуыл 15 тамыз күні кешке, Скрипниченко көпірде қарауылдап жүргенде болған. Белсендіге танымайтын адам келіп, онымен сөйлеспек болған. Белсенді артқа бұрыла бергенде ер адам оны мұрнынан ұрған. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаған адам Скрипниченкоға "Сен, немене, Путинді ұнатпайсың ба?" деп айқайлаған. Соққы жеген белсенді жедел жәрдеммен Склифосовский атындағы ғылыми зерттеу орталығына жеткізіліп, мұнда оған мұрны сынған деген диагноз қойған. Дәрігер қарауынан соң Скрипниченко үйіне қайтып, полицияға арыз жазбақ болған. Полиция шабуылдаған адамды таппады.

Маргулевтің сөзіне қарағанда, Скрипниченко бірнеше күннен соң сынған мұрнын түзету үшін ауруханаға жатқан. 23 тамызда қайтыс болған. "Әзірге сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққан жоқ. Ол бәлкім, қан тамырлары жарылып өлген болуы мүмкін" деді белсенді.

Борис Немцовты 2015 жылғы ақпанның 27-сі күні кешке Кремль іргесіндегі көпір үстінде атып өлтірген. Кейін азаматтар Борис Немцов қастандықпен өлтірілген жерге гүл, саясаткердің портреттері мен шырақтар қоюды дәстүрге айналдырған. Билік ол жердегі заттарды бірнеше рет бұзып, алып тастаған соң белсенділер ол жерді күзететін болған.

XS
SM
MD
LG